Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 9 жасар бала төрт тағандап тұрудан жаңа әлемдік рекорд орнатты (фото)

Астанада 9 жасар Әмір Махмет «төрт тағандап тұрудан» балалар арасында әлемдік және Қазақстан бойынша абсолюттік рекорд орнатты. Ол етбеттеген қалпы шынтағына сүйеніп 1 сағат 2 секунд тұрған.

20160414182914

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Өз рекордын Әмір Махмет 23 сәуірде Лос-Анджелесте Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жек өткізетін қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге қолдау көрсету үшін орнатты.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, әдеттегі адам бұлай шамамен екі минут, ал спортшы бес минутқа жуық тұра алады.

20160414182909 (1)

Әмір Махмет – ҚАЭА (КИнЭС) – Қазақстандық рекордтар кітабының үш дүркін рекордшысы, әрі бокспен шұғылданады.

Ол 2015 жылы жазда кеудесін жерден 450 рет көтеріп, бірінші рекордын орнатты.

20160414182853

Екіншісін Ақмола облысындағы  Street Workout бойынша чемпионатта 30 секунд ішінде 50 рет кеудесін жерден көтеру арқылы орнатты.

Үшінші рет  Әмір 2015 жылы қыркүйекте Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында 550 рет кеудесін жерден көтеріп, рекордшы атанды.


Жіберіп алмаңыз:

Гиннес кітабына тіркелген қазақстандық рекордтар (фото)


 

 

Талқылау