Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 8 жолаушысы болған лифт үзіліп кетті

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде аяқ астынан лифт үзіліп кетті. Оқиға кезінде лифттің ішінде 6 ересек адам және 2 бала болды.

1942065

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

Астанадағы «Эдем Палас» тұрғын үй кешенінде лифт үзіліп, екі метр биіктіктен жертөлеге бір-ақ түсті.

Лифттің тоқтап қалғаны жайлы ақпарат орталық оперативті басқармасына сағат 18.50-де келіп түскен. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер лифттің ішінде 8 адамның болғанын анықтады. Оның арасында 5 және 6 жасар екі бала бар.

«Лифт алтыншы қабатқа дейін көтеріліп, ақырын бірінші қабатқа дейін түсе бастады. Одан кейін аяқ астынан үзіліп, екі метр тереңдікке, жертөлеге бір-ақ түсті. Сол жерден тоқтады», – деді полицияда.

Лифт шаруашылығының мамандары есіктерді ашып, ішіндегі адамдардың шығуына көмектесті. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 306 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірегей реестріне тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Оқи отырыңыз:

Павлодар облысында 4 жасар бала әкесінің көз алдында өртеніп кетті

Семейде терезе жумақ болған әжей 5-қабаттан құлап көз жұмды

Оралда жас жігіт туыстарының көз алдында көпірден секіріп кетті

Маңғыстауда жігіт 17 жастағы қызды алып қашып, аяусыз ұрып өлтірді

Талқылау