Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 60 жұп 14 ақпанда некелесуге ниет білдірген

Астанада 60 жұп 14 ақпан күні некелесуге ниет білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

20170214111903

Астанадағы АХАЖ органдарының мәліметіне сүйенсек, 14 ақпан күні Сарыарқа ауданында 30 жұп, Алматы ауданында 28, Есіл ауданында 2 жұп неке қияды.

Елімізде “Әулие Валентин” күніне орай мерекеге екіұдай пікір қалыптасқан. Әлеуметтік желілерде бұл мереке “батыстан келген түсініксіз әулиенің мерекесі” деп атап, оны тойламауға шақыруда. Бұған қарсылық танытып отырғандардың қатарында мұсылмандар ғана емес, православтар да бар.

Елімізде Маxаббат күні ресми түрде 15 сәуірге Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күні деп белгіленген. Бұл мереке 2011 жылы пайда болды. Қазақ тілінде ол «Ұлттық ғашықтар күніне орай» деген атаумен тіркелген. Мереке қазақ эпосының екі кейіпкері – Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың құрметіне қойылы. Айта кету керек, күні кеше Исламабадтың жоғарғы соты Әулие Валентин күні ислам мәдениетіне қайшы келеді деп, оны Пәкістан астанасында атап өтуге тыйым салды.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда сексенге жақындаған ғашықтар үйленіп, тойларын дүркіретіп атап өтті (фото)

Елімізде әрбір үшінші неке ажырасумен аяқталады

Әйелін ұрып-соққан еркектер шетінен түрмеге тоғытылуы мүмкін

Талқылау