Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 6 жасар бала ескі көпірдің үстінен құлап кетіп көз жұмды

Көктал ауданында болған қайғылы оқиға туралы Бақытжан Тыныштықбаев есімді қолданушы Фейсбукте жазды.

Тыныштықбаевтың жазуынша, 23 қыркүйек күні кешкі уақытта отбасылық жұп алты жасар баласымен бірге “Западный” саяжайындағы үйлеріне қайтып келе жатқан. Көпір үстінде баланың аяғы тайып кетіп суға құлайды. Ата-анасы ізінше секіргенімен баланы таба алмай қалған.

Астана қалалық ТЖД мәліметінше, баланың денесі 24 қыркүйек күні таңғы 9 шамасында табылған. Келесі күні оның денесі жер қойнына тапсырылыпты.

Саяжайды қаламен жалғап тұрған ескі көпір біраздан бері апатты жағдайда тұрған екен. Тұрғындардың айтуынша, “Западныйда” үйлер, ал көпірдің мына бетінде мектеп, балабақша, аурухана бар. Сол себепті жергілікті тұрғындар күн сайын ескі көпірдің үстімен өтеді.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Талқылау