Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 4 жасар бала 3-қабаттағы сатыдан құлап кетті 

4 жасар бала үшінші қабат сатысынан құлап кетті. Оның жанында өзге де балалар болған.

Фото : realt.onliner.by

Балалар мысықтың мияулап тұрғанын көріп қызықтайды. Бірінен соң бірі жүгіріп, қумақ болады. Сол кезде баланың бірі сатыдан ұшып түседі. Бала үшінші қабаттан бірінші қабаттың еденіне құлап түскен, деп хабарлайды Евразия арнасы.

Оны көршісі көтеріп алып ата-анасына әкеп береді. Жедел жәрдем дереу шақырылады. Жандос абырой болғанда аман қалды. Бірақ жамбас сүйегі сынып кетті.

“Едендегі қаптамаға назар аударуларыңызды сұраймын. Балам достарымен бірге мысықты көрмек болыпты. Төменге түспек болғанда аяғы тайып, құлап кетеді. Ертең балама ота жасайды”, – дейді анасы Айсұлу Рахметова.

Тұрғындардың бірі ата-анасын кінәласа, бірі баланы, ЖПИ қызметерлерін кінәлап жатыр. Сырттай қарағанда еденге дейін 30 қаптама жатыр. Егер сатының қоршауы еденге дейін болғанда мұндай болмас па еді.

ЖПИ бұл олқылықтың орнын толтырамыз деп отыр.

“Мұндай мәселе бар. Тұрғындар өздері ақша жинап, қоршау жасады. Бұл қоршау әр ашық алаңда бар. Ол мықты ұстап тұрады. Егер бала құласа да, оны ұстап тұрады. Тұрғындар ақша жинап берсе, қалған жұмысты аяқтар едік. Әр пәтерден 1000 теңгеден жинаса, 45 мың теңге жиналады”, – деді ЖПИ төрағасы Бейімбет Әзімжанов.

Үйді 3 жыл бұрын жасаған. Яғни, құрылысшылар аталған оқиға үшін жауап бермейді. Жөндеу жұмысын тұрғындар өз мойнына алып, балаларына өзі бас-көз болуы тиіс.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау