Астанада 36 тілде сөйлейтін такси жүргізушісі тұрады

Жұма, 29 Сәуір , 2016 11:59

Әбдірашит Жаңабайұлы осыдан он жыл бұрын ағылшын түгілі орыс тіліне шорқақ болған. Ал қазір 36 ұлттың тілінде амандық-саулық сұрасып, түсінісе алады. Дегенмен тіл сындыру оңай болмағанын жасырмайды.

Безымянный

Бұл туралы “Қазақстан” ұлттық арнасы хабарлайды.

Ағылшынша амандасып, жапонша жөн сұрасады, қытайша қалжыңдасып, әзірбайжанша әзіл айтып, түрікпен тілдесе алады. Қанына сіңген қонақжайлылығы мен пейілінің кеңдігі оны тіл үйренуге қызықтырады. Көлігіне отырған шетелдік азаматтардан негізгі сөздерді сұрап, көк дәптеріне түртіп отырған. Сөйтіп әжептәуір сөйлесе алатындай дәрежеге жеткен. Қазір қалаға қыдырып келген туристермен бір кісідей әңгімелесе береді.

“Орыс болсын, қазақ болсын, басқа ұлт болсын бірінші ағылшынша сөйлеп аламын. Артыма қарап “english” деп айтамын. Ол азамат ағылшын, испан, неміс болып шығады. Сосын сол тілде сөйлей бастасам, мәз болып қалады”, – дейді Әбдірашит Шырынов.

Жігіт ағасы келер жылы “ЭКСПО” көрмесіне келетін қонақтарды тасымалдауға дайынмын дейді. Әлі де сөздік қорын көбейтуге ниетті. Көк дәптерді қоя тұрып, арнайы курстарға да жазылмақшы. Оның пікірінше тіл үйрену қай уақытта да кеш емес.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар