Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 300 мың теңге төлегісі келмеген тұрғын ауруханадан қашып кетті

Астана тұрғыны 300 мың теңгеге таяу медициналық қызмет ақысын төлемеу үшін ауруханадан қашып шыққан. Бұл жайлы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

vrachi-01

№1 қалалық аурухана мен қала тұрғыны 2015 жылы ақылы медициналық қызмет туралы келісімге келген. Емделушінің жағдайы жақсарған соң ауруханадан шығарып, тұрғылықты жері бойынша дәрігердің бақылауына орналастырған.

Оған стационарлық аурудың медициналық картасынан оған шығару туралы қағазды береді. Ол қағазда ер адам медициналық қызметкерлерге еш шағымым жоқ деп келісім білдірген.

“Көшірмені алғаннан кейін ер адам медициналық қызмет ақысын төлеместен ауруханадан шығып кетті”, – делінген хабарламада. Іс материалдарымен танысқан Астанадағы Сарыарқа аудандық соты аурухана талабын қанағаттандырып, 295 мың теңге ақшаны медициналық мекеме пайдасына шешкен. Шешім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде 4 баланың анасы бесінші баласын босану кезінде көз жұмды

Семей қаласының зағип тұрғыны Астанадан айына 6 000 теңгеге пәтер сатып алды

Астаналық келіншек келінін ұлынан қызғанып жек көріп кеткен

Алматыда студент жігіт тағып жүрген тұмарының кесірінен ауырып асылып қалған

Талқылау