Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 26 жастағы Бақтияр Жаманғараевты үш күннен бері іздеуде

Астанада жоғалып кеткен Қазақ гуманитарлық-заң университетінің түлегі Бақтияр Жаманғараевты үшінші күн іздеуде.

20160813141422
«Әлі табылмай тұр. Басқалай ақпараттарды тергеу мүддесі үшін әзірге тарата алмаймыз. Барлығы біткен бойда, айтамыз», – деп хабарлады Бақтиярдың досы Ақан.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Еске сала кетейік, 11 тамызда Бақтияр сағат 14.00-те Бәйтерек маңындағы «Дипломат» тұрғын үй кешеніндегі үйінен шыққан. Жас жігіт әуежайдан анасын қарсы алуы тиіс болатын. Бірақ та оның жақындарынан ешкім де бұдан кейін оны көрген жоқ.

Туыстарының айтуынша, Жаманғараев Астанада тұрады, бойы шамамен 170-175 см, дене бітімі орташа.

Астана ІІД Бақтияр Жаманғараевтың жоғалып кеткені туралы ақпаратты қуаттады. Қазіргі кезде полицияға хабарланғаннан кейін жас жігітті іздеу жұмыстары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, жоғалып кеткен сәтке дейін жас жігіт букмекер кеңсесінде бәс тіккен.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте үйден көп ақшамен шығып кеткен ер адам жоғалды

Алматы облысында 22 жастағы азамат жоғалды

Талқылау