Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 25 ақпаннан бастап жасырын жылдамдық өлшеуіштері іске қосылады

25 ақпаннан бастап «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешендері өнеркәсіптік пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

9856051

25 ақпаннан бастап «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешендері өнеркәсіптік пайдалануға беріледі, – деп хабарлады Астана ІІД әкімшілік полиция басқармасының баспасөз қызметі.

“Қауіпсіз қала” жобасын жүзеге асыру шеңберінде елордада 21 “Вокорд” аппараттық-бағдарламалық кешені қолданысқа берілетін болады. Бұл жылдамдық өлшеуіштері жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін, көлік құралдарының жылдамдық режимін бұзу бөлігінде автоматты фото тіркеуді жүзеге асырады”, — делінген хабарламада.

“Вокорд” кешендері қаланың апаттық қауіпті учаскелерін талдауды ескере отырып орналастырылды: Екі жылдамдық өлшеуіш Қорғалжын тас жолында тазарту құрылғыларына қарама-қарсы; Бес жылдамдық өлшеуіш Сығанақ көшесі бойында (көшенің бас жағында және Орынбор көшесімен қиылысатын тұсында); Екі жылдамдық өлшеуіш Тұран даңғылында, Ұлттық қорғаныс университетіне қарсы; Екі жылдамдық өлшеуіш қаладан оңтүстік бағытта шыға берісте «Қарқаралы» тас жолының бойында «Garden Village» коттедж қалашығына қарсы бетте; Екі жылдамдық өлшеуіш Керей мен Жәнібек хандар көшесі бойында «Саранда» тұрғын-үй кешеніне қарсы; Алты жылдамдық өлшеуіш «Астана – Қарағанды» тас жолының қала аумағы бойында«МЕТРО» сауда орталығына қарама-қарсы, айналма шеңбер көпірі мен Мичурино ауылы арасындағы аймақта; Екі жылдамдық өлшеуіш Байырқөм көшесінде көтерме көкөніс базасына қарсы бетте орнатылды.

“Жылдамдық өлшеуіштері нысанның жылдамдығын радарлық немесе оптикалық әдіспен анықтайдыжәне жұмысының сыртқы белгілерін көрсетпейді. Алайда, жүргізушілерді ескерту мақсатымен ақпарат белгілері орнатылған”, — деп атап өтілген хабарламада.

“Вокорд” кешендері ИҚ-прожекторлармен жабдықталған, бұл мемлекеттік нөмірлерді түнгі уақытта да айырып тануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге тану дәлдігі күндізгідей шекті, яғни 98%-ды құрайды.

Көлік құралын тіркеу туралы мәліметтер бірыңғай электронды файлда беріледі, ол: көлік қозғалысының өлшенген жылдамдығын, мемлекеттік тіркеу нөмірлері көрсетілген автокөлік суретін, өлшеуіштің орналкасқан орнын туралы мәліметтерді, көлік құралының қозғалыс бағытын, автомобильдің нақты жылдамдығын тіркеудің күнін және уақытын, автожолдың аталмыш бөлігіндегі рұқсат етілген жылдамдықты, ЖЖЕ бұзуды тіркеу туралы ақпаратты қамтиды. Бұзушылықтар туралы мәліметтер автомобиль иесінің мекенжайына ұйғарым түрінде келеді.

Талқылау