Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны жүргізуші келіншектерді қала сыртына шығарып, зорлап жүрген

Астанада 24 жасар жігіт жүргізуші әйелдерді қала сыртына апарып, шабуылдап, зорлап кетіп жүрген. Бұл ақпаратты Астана қаласының Ішкі Істер департаменті хабарлады.

Оқиға 19 қарашада кешкісін болған. “Алаш” тасжолының бойында белгісіз ер адам   “Lada Granta” маркалы автокөлігін тоқтатып, Қоянды кентіне дейін жеткізіп салуын өтінген. Рөлде 25 жасар қыз болған. Жанындағы жолаушылар орнында құрбысы болған.  Жол ортада жігіт қыздарға қысқа жолды білетінін айтып, сонымен апарған. Сөйтіп, қыздар тасжолдан бұрылып, далаға қарай жүріп кеткен. Артынан күдікті жүргізуші қыз бен оның құрбысына шабуыл жасап, олардың ұялы телефоны мен зергерлік бұйымдарын тартып алған. Содан автокөліктің руліне отырып, қалаға кетіп қалған.

Іс ҚР ҚК-нің 191 және 200-баптары (тонау, автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазір күдікті Астана қаласы ІІД Уақытша ұстау изоляторында. Сонымен қатар, ұсталған жігіт тағы бір іске қатысы бар болып шықты.

Жәбірленуші 26 қарашада сағат 17.00 шамасында белгісіз біреудің өз көлігін тоқтатып, Қоянды кентіне апаруды өтініп, содан қала сыртына шыққанда төте жолды білетінін айтып, сонымен жүрген. Таса жерге келгенде жігіт күш көрсетумен қорқытып, оны зорлап, содан жеке мүлкі (ұялы телефон) мен ақшасын тартып алғаны жөнінде арызданған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 120-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Талқылау