Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 19 жастағы қыз 22-қабаттан секіріп, қайтыс болды

Бұл жағдай  шілденің 1-нен 2-сіне қараған түні Астанадағы «Байқоңыр» тұрғын-үй кешенінде болған.  Алдын ала болжамға сәйкес, 1997 жылы туған қыз суицидке барған.

байконур

Ресми мәліметке сәйкес, тексеріс кезінде қыздың аты-жөні анықталды. Ол – Қостанай облысының 19 жастағы тұрғыны. Үйінде ол туған-туыстарымен көп жанжалдасқан көрінеді. Ал маусым айының ортасында жұмыс іздеймін деп, Астанаға кетіп қалған. 22 қабатты үйдің тұрғындары оны танымайтындарын айтқан. Қазір сот медициналық сараптамасы жасалып жатыр.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, далада жүрген адамдар оның құлағанын көрген. Себебі ол күні Қадір түні болған.

 

Талқылау