Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғажайыптан аман қалды: Астанада 15-қабаттан секіріп кеткен қыз есін жиды

Астанада 15-қабаттан секіріп, есінен танған қыз аяққа тұрды. Оны жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырды.

Bezymyannyy-16-1

 

 Дәрігерлер науқас қыздың жағдайы бірқалыпты деп отыр.

“Бізге қызымның 9 қабырғасы сынған деген еді. Ал, бізді емдеп жүрген дәрігер компьютерлік томографияда қабырғасының сынғаны байқалмайтынын айтты”, – дейді анасы.

Қазір жасөпірім қыз есін біліп сөйлеп жатыр. Тек  не себепті мұндай қадамға барғанын айтпайды. Тергеу жұмыстары да оның денсаулығына байланысты тоқтатылған болатын.

Бұған дейін қыздың өзіне қол жұмсар алдында хат жазып қалдырығаны айтылды. Хатында ол Диана есімді құрбысы мен тағы бір-екі досының, курстастарының жерлеу рәсіміне қатысуын сұраған. Өз өлімі үшін ешкімді айыптамауды өтініпті. Ешқандай қысымнан емес, өз қалауымен өлімге бел буғанын жазған. Жерлеген күннің ертесіне қабіріне бірге оқитын құрбысы мен өзі дос болып жүрген баланың келуін сұрап жазған.

Анасы қызының өзіне қол жұмсамақ болғанына көңіл жарастырған жігітімен ара қатынасы себеп болған деп болжайды.

Қыздың күтіміне әлі де көп қаражат керек. Одан бөлек ортопедиялық төсек сатып алуы қажет. Анасы қаржылай көмектесетін жандар қол ұшын берсе екен дейді.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 4 мамыр күні болған. 15-қабаттан құлаған қыз тұрақта тұрған автокөліктің үстіне түсіпті. Ауыр жағдайда жатқан қызға қан керек болғаны туралы да ақпарат шыққан болатын.

Тағы да оқыңыз:
Талқылау