Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 13 мыңға жуық адам суға шомылды (фото)

үгін православ христиандары Крещение Господня мерекесін атап өтуде. Бұл күні дәстүр бойынша барлық шіркеулерде дін қызметшілері су аластау рәсімін өткізеді. Су қоймаларында арнайы крест формасындағы ойықтарда аласталған су емдік қасиеттерге ие болады деп саналады.

шомылу

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Сондықтан адамдардың көбі денсаулықтарын нығайту үшін мұзды суға түседі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

20160119143129

Мерекелік ғибадат ету рәсімі елорданың барлық шіркеулерінде 18 қаңтарда басталды, бүгін салтанатты шеру (Крестный ход) барысында Есіл өзенінің суы аласталды.

20160119143113

Жыл сайын елордалық құтқарушылар мереке күні суға шомылу кезінде күшейтілген режимге көшеді. Арнайы жасалған орындарда Астана қ. Жедел машинасы кезекшілік етеді. Бұдан басқа, медицина қызметкерлері де жұмыс істейді: ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы орталығының жедел жәрдем көлігі және Денсаулық сақтау басқармасының реанимациялық жедел жәрдем көлігі.

20160119143137

Құтқарушылардың есептеуінше, 18 қаңтарда сағат 22.00-ден бастап бүгінгі таңғы 10.00-ге дейін 7 мыңға жуық, ал таңғы сағат 10:00-ден сағат 13:00 дейін тағы да 6 мыңға жуық адам суға түскен.

20160119143126

Талқылау