Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпті ойын: Астанада 11 жасар жасөспірімдер бес қабатты ғимараттың төбесіне шығып ойнаған (видео)

Астанада төртінші сыныптың үш оқушысы бес қабатты «Алтай» тұрғын үйінің шатырына шығып ойнаған.

Қауіпті ойын: Астанада 11 жасар жасөспірімдер бес қабатты ғимараттың төбесіне шығып ойнаған

Бұл туралы Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«2 мамырда Абылай хан даңғылының бойындағы бесқабатты ғимараттың төбесінде кішкентай қыздардың ойнап жүргені белгілі болды. Іс жүргізу барысында Астана қаласы Алматы ауданының ІІМ полиция қызметкерлері шатырда ойнап жүрген қыздардың №32 мектеп-гимназиясының төртінші сыныбында оқитынын анықтады. Кәмелетке толмағандар полициясының учаскелік инспекторлары кәмелетке толмағандармен және олардың ата-аналарымен мұндай фактілердің алдын-алу туралы әңгімелесіп, үйдің шатырындағы осындай қауіпті серуендердің салдарын түсіндірді», – деді Астана қаласының ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша «Алтай» пәтер иелерінің кооператив басқармасының төрағасымен сұхбат жүргізілді. Ол шатырдың қақпағы жөндеу жұмыстарына байланысты ашық болғанын айтты.

Қауіпті ойын: Астанада 11 жасар жасөспірімдер бес қабатты ғимараттың төбесіне шығып ойнаған

 

🇰🇿

Публикация от ASTANA АСТАНА (@vastane.kz)


Тағы оқыңыз: 

Назарбаев кімдерге әскери және арнаулы шен берді

Аймағамбетов: ҰБТ-ның жауаптарын болжау мүмкін емес

Жолаушы ала кетпекші болған Қостанай тұрғыны көлігінен айырылып қалды

ҰБТ-2018: «Алтын белгі» иегерлеріне жеңілдік жасала ма

 

 

Талқылау