Астанада 10-сынып оқушысы бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Астанада 10-сынып оқушысы Болат Қожамжаров бес тәуліктен бері табылар емес, деп жазады Tengrinews.kz.

Астанада 10-сынып оқушысы 5 күннен бері іздестіріліп жатыр

“Мен оның жоғалғанын растаймын. Оның қайда екенін білмеймін. Алғашқы үш күнде қоңырау барып тұрды. Бірақ ол тұтқаны көтерген жоқ. Енді телефоны өшірулі. Сыныптастары оның компьютерік клубта ойнағанын айтты. Оның ойыннан жеңіліп қалған. Кейін үйге қайтпақ болған”, – дейді анасы.

Астана қалалық полиция департаменті оқушының жоғалғанына байланысты іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сыныптастардың ата-анасы да көмектесуде.

“Ол ешкіммен ұрысқан жоқ. Ол салмақты бала. Соңғы рет клубта болған. Сыныптастарына кешкі сегізге дейін ойын ақшасы төленгенін, осыдан соң үйіне қайтатынын айтқан. Одан кейін ешкім көрмеген. Бұл жақсы емес”, – дейді Динара Қайдарова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.02.19
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар