Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада 10 миллионға салынған жылы аялдама сығандардың баспанасына айналған

Астанада он миллион теңгеге қойылған жылы аялдаманың қыстағы қызығын сығандар көріп жатыр.

сығандар

Бұл туралы  STAN.KZ   nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Бұл туралы Ермұхан Бейсенәлиев атты қолданушы өзінің Facebook парақшасында жазған.
«Бірінші рет ішіне кіріп көрейінші деп едім, мүмкін болмады. Бұл халыққа арналған жылы аялдама емес, ығандардың баспанасы болыпты. Тұншығып қала жаздадым. Күлімсі иіс. Одан да далада тұрған әлде қайда жақсырақ» деп наразылық білдіріп, сөзінің дәлелі үшін аялдаманы паналағандардың фотосын салып жіберген.

Артынша фотоны талқыға салған халық бұл жағдай Астанадағы жылы аялдамалардың көбінде кездесетінін алға тартуда. Қолданушылар қайыршы мен қаңғыбас дүңгіршекке кіріп алып, жолаушылардың соңғы тиынын алмайынша тіленіп тұратынын жазған.
Ал енді бірі жылы аялдаманың жағдайы төмен азаматтар үшін пайдасы тиіп жатқанына қуану керектігін айтады.

Талқылау