Астанада үйлері сүрілген тұрғындар жаңа баспанадан бас тартып жатыр

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша апатты үйлері сүрілген астаналықтар жаңа баспанадан айнып отыр. Ескі болса да, қала орталығындағы үйіне бауыр басып қалған азаматтар, сол жағалаудағы жағымсыз иісі бар Талдыкөл жағасына қонғысы келмейді. Бірақ, апатты баспана иелеріне әкімдіктің басқа ұсынар үйі жоқ, – деп хабарлайды КТК арнасы.

фч

Мына үйдің тұрғындары сол жағалаудағы жаңа баспанаға көшуден үзілді-кесілді бас тартып отыр. Өйткені үйлері ескі болса да, орталықта. Мектеп, дүкен, жұмыс жайы – бәрі жақын. Валентина Цыганкованың осында тұрып жатқанына 30 жылдан асқан. Жаңа пәтерге көшсек, балаларымның бірі далада қалады дейді ол.

“Қазіргі пәтерім үш бөлмелі. Екі балам бірге тұрады. Олардың да өз отбасылары бар. Ендігі әкімдіктің беріп отырған үйіне көшер болсақ, балаларыма пәтер жалдауға тура келеді. Өйткені жаңа үйдің шаршы метрлері бірдей болғанымен, бір бөлмесі кем”, – дейді Валентина Цыганкова.

Ескі үйлердің ауданы аз болғанымен, бөлме сандары көп. Сондықтан үш бөлмелі үйдің орнына екі бөлме бұйырғандар аз емес. Тұрғындарға әкімдік ұсынған үйдің орналасуы да ұнамайды. Жаңа қоныс Президент бұрынғы әкім Жақсыбековті жағымсыз иісі үшін сөккен ауданда.

“Ит өлген жаққа көшіріп жатыр. Президент иісі аңқыған Талдыкөлдің жағасында Жақсыбековке киіз үй тіктіремін деп еді ғой. Ол құтылып кетті, ал бізді дәл сол жерге қондырмақшы”, – дейді Виктор Резников.

Әкімдік басқа баспана ұсынбайды. Ыңғайсыздыққа қарамастан бұл үйлерде амалсыз тұрып жатқандар көп. Пилоттық жобаның шарттарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі апаттық үй құрылыстарын бұзады және бұзылатын апаттық үйлердің орнына ауданы бойынша тең пәтерлер беріледі. Бұл жағдайда тұрғындар жаңа пәтерлердің ескі үйлердің бөлме санына тәуелсіз, шаршы метрлері бойынша тең үлестірілетінін түсінуі қажет. Бүгінге дейін әкімдік 228 апатты үйдің 117-сін сүріп, 1570 отбасын жаңа қонысқа көшірген. Кезекте тағы 111 апатты үй тұр.


Жіберіп алмаңыз:

Ақмола облысында қариялар атақ үшін қырқысып жатыр

Ер мен әйел үйленбей тұрып бір-біріне қоюы тиіс сұрақтар

Шариғат қандай жағдайда түсік (аборт) жасатуға рұқсат береді?

Шариғат бойынша күйеуінің әйелі алдындағы жыныстық міндеті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар