Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада үйін жармақ болған азаматты шенеуніктер әзер райынан қайтарды

Бүгін Елордалық сот орындаушылар атышулы Мейрамовтар отбасын күштеп шығаруға келіп, тағы да тегеурінді қарсылыққа тап болды. 10 сотық жері мен баспанасын өліспей беріспеймін деп, өз үйін бала-шағасымен қоса жарып жіберемін деп айқайға басқан. Өйткені қала билігі берген өтемақыға келіспей отыр, – деп хабарлайды КТК арнасы.

1

«Өз үйін жарамын» деп газ баллонын алып шыққан Әділбек Мейрамов. Су жаңа әкімді шақырып, сес көрсетуіне үйінен күштеп шығаруға келген сот орындаушылары себеп. 4 жыл бұрын бұл үйді қирату туралы сот шешімі шығып, оның орнына жол түсу керек болған. Бірақ, әкесінен қалған үйді бергісі келмеген азамат өтемақыны азсынып отыр. Өйткені, әкімдік жер телімі мен баспана үшін небары 2 миллион 600 мың теңге ғана берген екен.

“42 жыл тұрамын мына жерде өзің ойланып көрші? Сонда қайда барамын? 5-6 үйді сүріп тастады менің көршілерімді. 58 сотық жерді енді әкімдік 3 миллион долларға сатып жатыр. Осы дұрыс па? Менің де жерімді тиынға алады да, ертең қымбатқа салып өздері рахаттанып жүреді”, – дейді Астана қаласының тұрғыны Әділбек Мейрамов.

Осылай деп, үйін бала-шағасымен қоса жарып жіберемін деп қорқытқан азамат заң өкілдерінің біреуін де жолатпай қойды. Осы кезде үй ішінде оның анасы мен кәмелетке толмаған үш баласы отырған. Ал, далада жүрген үлкен қызы болса, үйінен қуып шықпақ болғандармен жаға жыртысты.

Бесінші балаға аяғы ауыр келіншек ауруханадан келген екен. Бірақ, күйеуінің кесірінен үйіне кіре алмай жағдайы қайта нашарлап кеткен.

“Үкіметке не үшін керек сол жер? Ал, бізде 4 бала бар. Олардың келешегін ойлап тұрған жоқ. Іштегі балаға қауіп төніп ауруханадан шықтым өзім”, – дейді азаматтың әйелі.

«Үйді жарамын» деп байбалам салған Әділбек Мейрамовты әзірге ешкім сабасына түсіре алар емес. Оқиға орнына өрт сөндірушілермен қоса күш құрылымдарының барлығы тартылған. Жедел жәрдем де осында тұр. Ал, қауіпсіздік үшін ададмдарға мына жерден өтуге тиым салынған. Көшелерде ұзын-сонар кептеліс.

Ұзақ уақыт бойы жұртты осылай шошытып, құтқарушыларды аяғынан тік тұрғызған азамат кейін ашуын басып, райынан қайтты. Өйткені, әкімдік үй мәселен қайта қарауға уәде беріпті. Ал, оған дейін баспанасын ешкім бұзбайтын болды. Дегенмен, қала билігі бұл отбасына қомақты өтемақы бұрын берілген деп отыр.

“Әділбек Мейрамов былтыр үйді өз еркімен босатамын деп қолхат жазып берген. Әрі ол айтқандай 2 миллион 600 мың емес, өтемақы ретінде 34 миллион теңге төленген. Енді үйді босатпай отыр”, – дейді Астана қалалық әкімдігінің өкілі Талғат Базаров.

Мейрамовтар отбасында бірінші рет шу шығып жатқан жоқ. Бұған дейін сот орындаушылар келгенде, әйелі мойынына пышақ тақап, өзін өлтіремін деп қорқытқан болатын. Бұл жолы да тегеурінді қарсылыққа тап болған сот орындаушылары дегеніне жете алған жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Талдықорғанда мерекеден соң ауырған азамат басын жазу үшін үйін жармақ болды

Талдықорғанда арнайы жасақ қызметкері тұрғын үйді жарылыстан сақтап қалды

Әйелдің ішін жарып нәрестесін алған америкалық 100 жылға сотталды

Түркияда жанкешті әйел өзін жарып жіберді

Талқылау