Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада үш жігіт жалға беретін орыннан велосипед бөліктерін ұрламақ болған

Астана қаласының ІІД-нің жедел іздестіру басқармасы орталығының инспектор-операторы 19 сәуір күні түнде қала көшелерін бенебақылау камерасы арқылы тексеру кезінде «Astana Bike» пункінің велосипедінің бөліктерін алып жатқан күдіктілерді байқаған.

Безымянный

Сурет: dixinews.kz 

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Олар велосипедтің орындығы мен басқышын алмақ болған.

Оқиға орнына жедел жеткен ІІД-нің жол-патрульдік полицейлері үш күдіктіні ұстап, «Сарыарқа» аудандық ІІБ-на 22, 25, 27 жастағы күдіктілерді жекізді.

Аталған іс бойынша «Ұрлау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тексеру кезінде 1988 жылғы Т. есімді күдіктінің сөмкесінен велосипед беретін пунктің заттары шыққан. Қазір олардың басқа да қылмыстық істерге қатысы бар-жоғы қарастырылып жатыр.

Талқылау