Астанада үш оқушыны қағып кеткен жүргізуші бір жарым жылға сотталды

Астанада үш мектеп оқушысын көлігімен қағып кеткен жүргізуші бір жарым жылға сотталды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы  Астана қалалық сотының хатшысы Ботагөз Баянова Facebook  желісіндегі парақшасында хабарлады.

«2018 жылдың 5 қаңтарында Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты Жақсыбек Дарханға қатысты қылмыстық істі қарады. Оған ҚК-тің 345 бабы, 3 тармағы, 345 бөлігі бойынша айып тағылды.

Ол жолда жүру ережесін өрескел бұзып, оның соңы Ф.Ғ.Мұсаның өлімімен аяқталған. Сонымен қатар жол апатынан А.Т. Ахмедьярова зардап шекті»,-деп жазды Ботагөз Баянова.

Сот өндірісінде зардап шеккен азаматқа материалдық және моральдық шығын өтелгендіктен, зардап шеккен Ахмедиярованың заңды өкілі қылмыстық істі тоқтатуға келісімен берді.

Сот Д.Жақсыбекті 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар ол 5 жыл көлік басқару құқығынан айырылды.

Ал зардап шеккен тарапқа сот 1 500 000 теңге көлемінде моральдық өтемақы төленді.

Естеріңізге сала кетсек, 4 қыркүйек күні 21 жастағы жүргізуші Момыұшлы даңғылынан өтіп бара жатып, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, үш баланы қағып кеткен.

ЖКО салдарынан 10 және 16 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді. 10 жастағы бала медициналық көмек көрсетілген соң үйіне жіберілді. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды.

Оқи отырыңыз:

Жаңаөзенде қызы алимент үшін әкесін сотқа берді

Жемқорлыққа күдікті шенеуніктер үшін Атырау әкімі халықтан кешірім сұрады

Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)

Данэлия Төлешова өзінің арманы туралы айтып берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
19.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар