Астанада үлескерлерді алдап кеткен тағы бір кәсіпкер тұтқындалды

Сейсенбі, 19 Сәуір , 2016 8:28

Астанада шетінен тұтқындалып жатқан құрылыс компания басшылары тағы бір алаяқпен толықты. Бүгін полицейлер үлескерлерді алдап соққан атышулы Медет Бектеміровтың қолына кісен салды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

bf94d5f7b9602a20ce5ace8cee8

Сурет astana.gov.kz

37 жастағы кәсіпкер “Квартиры НС”, “Компания МС-7”, “Шаңырақ” деп аталатын құрылыс компанияларын құрып, «Араби 1», «Араби 2», «Самал» кешендерін салуға уәде еткен. Тіпті, аңғал адамдардың сеніміне кіріп миллиондап ақшасын да жинап алған.

Алайда, жарнамасы жер жарған баспананы сапасыз тұрғызып, қашып кетіпті. Негізі, кешенді салуға заңды рұқсаты да болмаған. Бір қызығы, суы, жарығы жоқ үйді қожайындары сатуға шығарып қойыпты. Ашынған үлескерлер енді изоляторға қамалған Бектеміровтен ақшаларын қайтаруды талап етпек.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар