Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада танымал блогер Сырым Абдрахманов қамауға алынды

Астана қаласында блогер Сырым Абдрахманов қамауға алынды. Бұл туралы оның қоғаушысы Төлеген Шаиков мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Астанада үлескерлердің құқығын қорғаған Сырым Абдрахманов қамауға алынды

Белсендінің қорғаушысының айтуынша Сырым Абдрахманов екі айға қамауға алынған. Қамауға алудың басты себебі астаналық шенеуніктің «жалған ақпарат таратты» деген шағымы болған. Сонымен қатар, белсендіге қатысты тергеу ісі қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабы бойынша жүргізілуде. Олар «Жалған ақпаратты тарату», «Билік өкіліне күш қолдану», «Тергеу ісіне кедергі келтіру», «Билік өкілін қорлау» баптары.

Сонымен қатар, Сырым Абдрахмановтың қорғаушысы оның уақытша қамау изоляторында аштық жариялағанын айтып, үлескерлер үшін бәріне даяр екенін мәлімдеді. Қорғаушыдан бөлек бұл туралы ақпаратты белсендінің 30 мыңға жуық оқырманы бар Фейсбуктегі парақшасынан да көруге болады.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде белсенділік танытып жүрген Сырым Абдрахманов Астана қаласының әкімінің орынбасары Сергей Хорошунға сыбайлас жемқорлықпен айналысты деп кінә тағып, үлескерлердің мүддесін қорғаған болатын.

Талқылау