Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана мәдениет министрінің қатысуымен Жеңістің 71 жылдығына орай велошеру өтті (фото)

Астанада Жеңістің 71 жылдығына арналған велошеру өтті. Бұл туралы “Астана” Президенттік клубының баспасөз қызметі хабарлады.

vvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvvv

Велошеру Салтанат Сарайы алдындағы алаңнан басталып, қатысушылар мәрені Республикалық “Сарыарқа” велотрегі жанында кесіп өтті. Қала тұрғындары және Астана қонақтарымен бірге шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да қатысты. Сондай-ақ, бұл қатарда танымал спортшылар да болды. Жалпы, велошеруге 2100 адам қатысты.

Велошеру соғыс әрдайым есте сақтап, олардың ерліктеріне құрмет көрсетуге бағытталған республикалық әлеуметтік-“Жеңіс” қайырымдылық жобасы аясында өткізіліп отыр. Шара аяқталған соң салтанатты акция ұйымдастырылып, белсенді қатысушылар, арнайы аталымдар бойынша жеңімпаздар марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

vvvvvvvvv

“Спортшылар отбасы” аталымында Атабаевтар отбасы жеңіп шықса, шараның ең үлкен қатысушысы атағын Надежда Радченко иеленді. Ал велошеруге қатысушылардың арасындағы ең жасы кішісі Эмир Досмұхамедов екен.

vvvvvvvvvvvvvvvvvvv

Спорттық шара Астана қаласы әкімдігі, Ұлттық олимпиада комитеті, Қазақстан велоспорт федерациясы және “Самұрық-Қазына” әлеуметтік жобалар даму қорының, сондай-ақ “Астана” президенттік клубының ұйымдастыруымен өтті.

 

спорта

спортттт

Талқылау