БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана жастары қақаған аязда тұрғындарға тегін шай таратуда

Елордада «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері аязды күндері «Жақыныңа жылу сыйла» науқанын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астана жастары қақаған аязда тұрғындарға тегін шай таратуда

«Астана жастары» орталығы «Жақының жылу сыйла» деп аталатын науқан өткізуде. Науқан барысында орталықтың қызметкерлері мен еріктілер адам көп жүретін бағыттарды аралап, тұрғындарға ыстық шай таратып жүр.

«Қазгидромет» РМҚ мәліметінше, елордада 26-27 желтоқсан күндері ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейді. Еріктілер аязға байланысты аталған науқанды бастаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр