Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана және Алматы әуежайларында электронды отырғызу талондары енгізілмек

Астана мен Алматы әуежайларында енгізілгелі отырған электронды отырғызу талондары, жолаушылар кезегінің созылып кетуін азайтады деп жоспарлануда.

registration

Сурет ru.astanaairport.kz

Электронды отырғызу талондары 2016 жылдың соңына дейін енгізіледі. Бұл туралы Қазақстанның азаматтық авиация комитеті мәлім етті.

“2016 жылдың соңына дейін Астана мен Алматы әуежайларында электронды отырғызу талондары енгізіледі. Бұл қағаз төлемнен арылтып, уақыт өнімділігін арттырады”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда азаматтық авиация комитеті әуе жолаушылар тасымалы саласында электронды отырғызу талондарын енгізуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерді реттеп жатыр. Комитет бұл тәсіл авиациялық қауіпсіздікті арттырып, жолаушылардың интернетпен-ақ тіркелуіне мүмкіндік береді дейді.

Талқылау