Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана уақытымен жұма күні күндіз сайыста сыналатын спортшыларымыз

Жұма күні Рио-де-Жайнеродағы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спорттың алты түрінен сынға түседі.

жарыс

12 тамызда кешкі уақытта Олимпиада ойындарының келесі легі өтеді. 17:30-да біздің ескекші Владислав Яковлев «Лагоа» стадионында академиялық есуде финалдық бәсекеге түседі. Ол – халықаралық санаттағы спорт шебері, жасөспірімдер арасында 2010, 2011 және 2012 жылдардағы Азия чемпионы.

Сондай-ақ 18:00 сағатта академиялық есуден өтетін финалдқ бәсекеде қазақстандық спортшы Светлана Германович өз бағын сынамақ.

18:00-де нысана көздеуден кезекті сындар өтпек. Бұл жолы спортшылар 50 метрлік жатып атудан кім мықтыны анықтайды. Біліктілік сайысында біздің елдің намысын Юрий Юрков қорғайды. Былтыр ол Қазақстан рекордын жаңартқан еді. Бұл жолы Олимпиада ойындарында рекорд орнатады деп сенеміз.

Сағат 18.30-да жеңіл атлетикадан жарыс басталады. Олимпиада стадионы 34 спортшыны қабылдамақ. А тобында біздің отандасымыз Евгений Лабутов диск лақытрудан күш сынасады. Соңғы жылдары Лобутов Қазақстанда ешкімге дес бермей келді. Бірақ Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін жолдама алады деп ешкім ойламаған еді.

Сағат 22.30-да 75 келіге дейінгі салмақта қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы алжирлік өрен Ильяс Аббадимен жұдырық түйістіреді. 1/16 финалда ол британдық Энтони Фаулерді жеңген болатын. Әлімханұлы 2013 жылғы әлем чемпионы, 2013 жылғы Азия чемпионатының алтын медаль иегері, 2014 жылы Азия ойындарының жеңімпазы. Ильяс Аббади – алжирлік боксшы, 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. 2011 жылғы Африка чемпионатының күміс жүлдегері.

Күннің соңында шамамен 23:30-да Понтал муниципалитетінде спорттық жүрістен жарыс өтеді. Ерлер арасындағы 20 шақырымдық додаға біздің елдің атынан Георгий Шейко шығады. Шейко 1989 жылы туған. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 20 шақырымдық сайыста ол тек 35-орынға ие болған еді.

 

Талқылау