Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны зират маңындағы өз көзімен көрген тылсым оқиғаны айтып берді

Редакциямызға Астана қаласының тұрғыны хабарласып, өзі көзімен көрген тылсым оқиғаны айтып берді. Бұл оқиға елордаға жақын маңдағы Қараөткел зиратында болған екен.

Безымянный

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Ол үйінде туған күнін тойлап жатса керек. Бір уақытта жарық өшіп қалады.

«Біз терезеден қарағанымызда зираттың үстінде тұрған үлкен бұлтты көрдік. Сосын ол үлкейіп дәл біздің үйдің терезесіне жақындады. Бұлтың түрі китке ұқсағандай болды. Тіпті, тістері де ақсиып көрінді. Одан кейін не болғаны есімді жоқ. Өйткені, есімнен танып құлап қалыппын», – дейді болған жайтты баяндап отырған әйел.

Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын елорда билігі бұл зиратқа ғылыми зерттеу жүргізіп, Кенесары хан жауынгерлерінің құлпытасын тапқан. Ғалымдар құлпытаста араб тілінде 200 сардар және 50 есаул деп жазылғанын анықтаған.

Бұл зиратқа мәйіттерді XV ғасырдан бастап жерлей бастаған. Зиратқа 10 мыңнан астам адам жерленген. Ғалымдар Астананың бұрынғы Ақмола атануы да осындағы зиратқа байланысты екенін айтады. Ал, екінші нұсқа бойынша ақ мазар Ақмоладан 20 шақырым жерде орналасқан. Мазар б.з.д. 2 мыңжылдыққа жатады. Өкінішке орай, ол мазар қазір жойылып кеткен.

Алан Исаев

Талқылау