Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны жоғалып кеткен ағасымен 63 жылдан кейін кездесті

Республикалық «Казахстанская правда» газетінің онлайн редакциясында жауапты редактор болып жұмыс істейтін Астана қаласының тұрғыны Марат Манаспаев 63 жыл өткеннен кейін ағасын тауып алды.

Астана тұрғыны жоғалып кеткен ағасымен 63 жылдан кейін кездесті

Бұл туралы Марат Манаспаев өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Марат Манаспаев өзінің кішігірім Отанына кеткен ағасын жарты ғасырдан астам уақыт өткеннен кейін, яғни 63 жыл өткен соң кездестірді.

«Ол мен дүниеге келмей жатып кетіп қалған. Міне, енді біз 63 жылдан кейін кездесіп тұрмыз. Біз бірнеше сағат бойы оған жайылған мерекелік дастарханда сөйлесіп, мауқымызды бастық»,- деді ол.

Марат Манаспаев бірнеше күн бұрын Facebook парақшасында алдағы кездесу туралы жазған болатын.

«63 жылдан кейін 1955 жылы жоғалып кеткен ағамыз Совет табылды. Жоқ, ол соғыста жоғалмады. Ол соғыста оның әкесі Аққазы, яғни менің әкем Нұрғазының үлкен ағасы із-түссіз жоғалып кеткен. 1941 жылы бәлкім одан бұрын, төрт ағайынды жігіт Аққазы, Құсайынғазы, Нұрғазы және Хасен майданға аттанған болатын. Соғыстан тек, үйдің кенжелері менің әкем мен оның бауыры Хасен ағам ғана оралды», – деп жазды ол.

Оның айтуынша, Советтің анасы оның сегіз айлығында қайтыс болып кеткен.

«Оны біздің атамыз Жампейіс пен әжем Дәмбүбі тәрбиелеген. 1953 жылы мен туылғанға дейін үш жыл бұрын атам қайтыс болды. Кейін оны әжеміз бен Шәкен тәтеміз өсіріп, жеткізген. Біз 1955 жылы не болғанын білмейміз. Бірақ, менің анамның әңгімелеріне сүйексек, Совет сол кезде ересек жігіт болған және ешкімге бір ауыз сөз айтпастан, артына қарамай үйден кетіп қалған. Осылайша, ол із-түссіз жоғалып кетті. Бала кезімде ылғы анамның тоқыма тоқып отырып жылайтынын көріп қалатынмын. Біз 9 ағайынды болдық, әкем 48 жасында ерте қайтыс болып кеткендіктен, анам бізді жазғыз өзі асырап, адам қылды. Содан анамыз бізді бағамын деп қиналып, жылайды деп ойлайтынбыз. Бірақ, ол көз жасын сүртіп, «Соқыр Советті» есіне алып жылағанын айтты»,- деді Марат Манаспаев.

Белгілі болғандай, Марат Манаспаевқа жоғалып кеткен туысқан ағасын табуға кездейсоқ оқиға көмектесті.

«Бүгінде Советтің Алматыда тұратын Люция есімді қызы қандай да бір жолмен менің Семейде тұратын бауырымның баласы Алмаз Манаспаевқа хабарласқан. Екі жақтың бір-біріне қарым-қатынасы туралы сұрастырылып біткеннен кейін, Алмас Люцияны менің Астанада тұратын әпкем Райлге жіберген. Сөйтсе, ағамыз осы жылдар бойы Астанадағы Қырқыншы станциясында тұрған екен. Біздің Астанада тұрғанымызға 20 жыл болса да, бір-біріміз туралы ештеңе білмедік», – деп жалғастырды ол.

Туыстардың кездесуі автор іздестіруге келген Қырқыншы станциясында өтті. Марат Манаспаевтың айтуынша, олар үйді ұзақ іздемеген. Себебі, оның туысы туралы оқиғаны бұл өңірде бәрі білген екен.

«Бұл станциядағылардың бір-бірін ауылдағы секілді жақсы білетіні таң қалдырды. Тиісті үйді іздеп, ауылдың айналасын шарлап жүргенімізде жолдан бір адамды кездестіріп, Абай көшесінің қайда екенін сұрадық. Ол біздің кімге келгенімізді сұрап, қызығушылық танытты. Мен бауырымның есімін айта сала, ол бізді бірден сол үйге апарып, тіпті қай пәтер екенін көрсетті. Осылайша, біздің кездесу бірнеше сағатқа созылды. Біз де, ағам да бір-біріміз туралы сұрадық. Барлық жағынан сұрақтар қойылды», – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау