24 жастағы Астана тұрғыны 3 миллион теңгеге күйме сатып ақша табады (фото)

Бейсенбі, 2 Маусым , 2016 7:47

24 жастағы Әнуар Шаймергенов бірнеше жылдан бері отандық өнер жұлдыздарының клипіне, түрлі киноларға түсу үшін арнайы арба жасайды. Ұстаның пәуескелерімен қазір қала ішінде қыдыру, той, мерекелік шараларға мініп шығу сәнге айналған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

34D64DDD00000578-3621256-image-a-5_1464851861469

Әнуар ақбозатқа жегіп жатқан ақ арба астаналықтарға жақсы таныс. Соңғы кезде Елорда қонақтары мен тұрғындар онымен қала ішінде қыдыруды әдетке айналдырған. Тура хан күймесіндей әдемі пәуескелердіжас ұста үйінің алдындағы мына қарапайым гаражда жасайды. Мұнда шеберге қажетті құрал-жабдықтың бәрі бар. Әнуар қазір кезекті арбаға арнап ағаштан ою оюда.

“Бұрын күймелерді еуропалық стильде безендіретінмін. Соңғы кезде қазақы оюларды, ұлттық нақышта сәндеп беруімді жиі сұрайды. Бір күймені дайындау үшін екі ай уақыт кетеді. Болашақта үлкен цех ашсам деймін”, – дейді Әнуар Шаймергенов.

Арбаның сыртқы көрінісінен бөлек, ішінде де демалуға бар жағдай жасалған. Жайлы орындықтар, музыка. Айтқандай, Әнуар тек пәуескемен шектелмепті. Ол үйінде тұрған мына батырларды да қолдан жасап шыққан. Таза былғары, металлдан құралған жігіттерді бір айға жуық әзірлепті.

Әнуардың үйі тура шағын мұражайға ұқсайды. Сөрелерде тұрған түрлі ертегі кейіпкерлері, көне қару-жарақ, қара былғарыдан жасалған жәндік іспеттес сөмкелер де ұстаның төл еңбегі.

Әзірге шебердің жалғыз көмекшісі бар. Ол – анасы. Әнуарға қажетті ағаш, металл мен былғарыны Зияда апай жеткізіп отырады.

“Әнуар бала күнінен өзіне ойыншықтар жасап алатын. Кішкентайынан талантын таныдық. Мектепті бітірген соң, еш ойланбастан суретші мамандығын таңдады. Енді маған ағаштан хан тағындай диван жасап беремін деп уәде берді”, – дейді Әнуардың анасы Зияда Шаймергенова.

Сондай-ақ, Әнуар алдағы уақытта алтын күйме жасауды жоспарлап жүр. Егер қарапайым пәуескені екі айда әзірлесе, алтын арбаны құрастыруға кем дегенде жарты жыл керек екен.

34D64DF200000578-3621256-image-a-4_1464851857737

34D64DD900000578-3621256-image-a-6_1464851865380

34D64E1000000578-3621256-image-a-1_1464851828927

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар