Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны Шымкент әкімін сынға алды

Астана тұрғыны Азамат Көшенов Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовқа сәлемдемесін жолдады. Елордалық азаматты Шымшаһардағы ескерткіштердің жайы мазалаған.

1450415408

Нақтырағы, қаладағы танымал тұлғалардың құрметіне орнатылған ескерткіштер туралы толық ақпараттың жоқ болуы астаналықты алаңдатып отыр. Бұл туралы ол «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында ой тастады.

13092035_942562565842351_3541677818258284494_n

«Ғани Іляев – бұл кісі кім? Бьюстке қарағанда бұл кісі әлі тірі-ау. Өйткені туған жылы не қайтқан жылы, атқарған қызметі жазылмаған. Шымкент қаласының әкіміне алтын сырға. Әкім мырза, Шымкент қаласының ескерткіштерін бір аралап шығыңызшы. Өтініш білдіруші: Шымкент қаласының қонағы» деп жазды елордалық азамат.

13062337_942562462509028_4966138136726628310_n

Соған қарағанда астаналық тұрғын Шымкент көшелерінің бойын аралап, арнайы анализ түзген секілді. Бірақ, қала әкімінің бұл мәселеге қаншалықты назар аударатыны алдағы уақыттың еншісінде.

Талқылау