Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны шегені майыстырудан Қазақстан рекордын орнатты

Астана тұрғыны Сергей Цырульников шегені майыстырудан Қазақстан рекордын орнатты.

12645671

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Цырульников рекордты 26 шілде күні орнатқан. Ол бұл шараны танымал қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың құрметіне Ақмола облысындағы Қажымұқан ауылында жасаған.

“Бұл рекорд Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді. Рекордты Қазақстандық рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов бақылады”, – деді Цырульников.

Қара күш иесі, рекордты бұдан да жылдам жасауға болатын еді деп ойымен бөлісті.

“Бұдан да жақсы жасауға болушы еді, өзіме толықтай көңілім толмайды. Әйтсе де рекордқа қанағаттандым. Біз өзіміздің мықыт палуандарымызбен мақтануымыз керек. Қажымұқан, Балуан Шолақ секілді атағы алысқа кеткен күш иелерін құрметтейміз”, – дейді ол.

Қазақстан ММА федерациясының президенті Анатолий Кимнің айтуынша, Цырульников 1 минут 41 секунд ішінде 12 шегені бұрап майыстыра алған.

Талқылау