Астана тұрғыны полицейге полицейдің үстінен хаттама толтыртқызды
Астана полиция қызметкерінің ереже бұзғанын өз көзімен көрген тұрғын тәртіп сақшысының “дәл сол сәтте” жазалануын талап етіп, дегеніне қол жеткізді.
Оның айтуынша, оқиға Астананың ескі вокзалының маңында болған.
“Қастарынан өтіп бара жатыр едім, инспекторлардың бірі көлік салонында есікті ашып қойып, шемішке қалдығын сыртқа тастап отыр екен. Басқа инспекторға айтып, тәртіп бұзып отырған жол сақшысын жазалауды талап етуге тура келді. Ол өз әріптесінің үстінен хаттама толтырғысы келмей, 102 нөміріне хабарласқан. Дереу жеткен шені одан жоғары қызметкер сөзге келместен хаттама толтырды. Заңның алдында барлығы бірдей ғой”, – деп жазады Болат Бегімов Фейсбук парақшасында.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық мүгедек қыз әлемдік сұлулық байқауына қатыспақ (фото)
Еліміздің қай өңірінде сәләфиттер көп тұрады
21 жастағы қазақ жігіт жарты жылдан бері Қытайдан Қазақстанға келе алатын емес
ШҚО-да желіге әдепсіз суреттерін жариялаған шенеуніктер жазаланды (фото)