Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны балабақша аспазын тамақ ұрлап жатқан жерінен ұстап алды

Астаналық балабақша қызметкерлерінің ұсталғанын Facebook желісінде Ақмарал Омралинова есімді азаматша жазды

Әйел жазбасында 2018 жылдың жетінші желтоқсанында балабақшадағы шаруаға қатысты нөмірі бесінші тірек пунктіне барғанын жазған. Ол аспаз Р. Төлегенованы “Нұршашу” атты балабақшадағы кішкентай топтың тамағын ұрлайды деп күдіктеген.

Инспектормен бірге ол балабақша келген соң бірнеше минуттан кейін белгісіз біреудің балалар мекемесіне келіп, Лада көлігінен алыс емес жерде қақпадан қорапты лақтырғанын көрген.

“Бірнеше минуттан соң әлгі еркек қызыл күртке киген әйелмен бірге көлікке қарай жүрді. Еркек қорапты алып, оны көлікке алып барды. Учаскелік Әрсен адамдарды тоқтатып, қорапта не барын сұрады. Қорапты қақпадан лақтырған адам балабақшаның күзетшісі Жанабай Қақаев, ал қызыл күрткедегі әйел аспаз Раиса Төлегенова болып шықты.

Олардың айтуы бойынша, қорапта қажетсіз өртеуге арналған қатты қағаз болған. Мен жүз екіге хабарластым. Алматы ауданы ІІБ-ның аға тергеушісі Әлмұхамед Әбілқайырмен бірге “Жұлдыз” атты жедел-тергеуші топ келді. Қызметкерлер қорапта болған барлық нәрсені, сонымен қатар, Төлегенованың  пакет пен сөмкесін алып қойды. Олардың ішінен балабақшаға арналған азық-түліктер табылды”, — деп жазды Ақмарал Омралинова.

Сөмкелерден горох банкілері, ірімшік, нан, ет, жұмыртқа, вафли, сүт, қамыр, қаймақ, сүзбе  табылған. Осы факт бойынша, 189 бабтың 2 бөлімі, 3 пункті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Барлығын бір аспаз бір күннің ішінде шығарып отыр!!! Балабақшадағы балалардың тамақтануы 16 800 теңге тұрады. Бұл сомманы ата-аналары төлейді. Бұл жерде ата-аналар мен олардың балалары зардап шегіп отыр. Қызметтік тексеріс жүргізуді өтінемін. Және балабақшада барлығы бекітілген, құралған нормалар бойынша сатып алынатын болса, мұндай артық өнімдер қайдан шығып отыр? Осы анықталса.

Өнімдерді беру, дайындау технологиясы бақыланса, қалай бақыланады? Тамақ әзірленгенде диет-бике балабақшада болады ма? Балабақшада тәрбиеленіп отырған балалардың ата-аналарынан құралған сарапшылар комиссиясы бар ма? Сол ас сарапшылардың комиссиясымен бақыланады ма? Қаншалықты жиі? Сол кезде қандай құжаттар құрылады?”— деп жазды автор.

“Осыған дейін мен ҚР ІІД-ге, Астананың әкімдігіне, Бас прокуратураға, басқа мемлекеттік органдарға, өзімнің Facebook желісіндегі парақшама балабақшадан тамақ ұрлануы мүмкін екенін екі рет жаздым. Төлегенова және оның балалары балабақшадан тамақтарды алып, көліктеріне салатындарын видеоға түсіріп, жүктедім. Менің өтінішіме Астана қаласының білім басқармасы балабақшадан тамақтың ұрланғанын дәлелдеу қолдарынан келмгенін айтты.

Балабақшаның аспазы Төлегенова “Ар мен намысқа нұсқан келтіргені үшін” деп сотқа өтініш білдірген еді. Сот процесі кезінде білім басқармасы сотқа камераларға түскен видеожазбаларды берген жоқ. Мектепке дейінгі бөлім жетекшісі Разбекованың сөзіне сенген сот, Төлегенованың маған қатысты шағымын жартылай қанағаттандырды.

Разбекованың сөзінше, мен Facebook желісіндегі жазбаларым арқылы мемлекеттік органдар жайлы негативті қоғамдық резонанс тудырады екенмін. Олай емес. Мен өз елімді жақсы көремін. Және әркім біздің еліміздің талаптарына сай өмір сүрсе екен деймін”, — дейді Омралинова.

Ол “Нұршашу” балабақшасының камераларына жазылған өткен айдың жазбаларын көрсетуді, қызметкерлердің балабақшадан немен шығатындарын тексеруді сұрап отыр.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау