Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астаналық лагерь қызметкерлерінің салғырттығынан қызының жоғалып кеткенін айтты

Асыл Хайырбекова әлеуметтік желіде 6 жасар қызының лагерде қалай жоғалып кеткенін, оны тіпті лагер қызметкерлерінің іздемегенін де айтып берді.

14051651_1269454306411972_3375796870033166283_n

«Таңертең белгісіз нөмірден әйел адам хабарласып, қызымды тауып алғанын айтты. Қызым оған тек менің нөмірімді білетінін айтыпты. Мен оны TOP KIDS лагеріне апарғам», – деп жазады қыздың анасы Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, лагердегілер 8 баламен көкке шыққан. Бүлдіршіндер екі жігіттің қарауында болған.

«Мен тіпті екі жігіттің қызыма қалай қарамағанын түсіне алмаймын. Жігіттер балаларға қарау олардың міндеті емес екенін айтады. Мен қызымды тапқан әйелмен кездескенше лагерден маған ешкім хабарласпады», – дейді Асыл Хайырбекова.

«Мен лагерге келгенде қызымды іздеп жатқан ешкімді көрмедім. Олар кешірім сұраудың орнына мысқылдап, өрескелдік танытты», – дейді ол.

Лагер қызметкерлері әйелге ақшасын қайтарып берген. Алайда, кешірім сұрамаған екен.

Жіберіп алмаңыз:

Бір ай бұрын жоғалып кеткен анасы мен ұлы Семейден табылды

Алматыда адасып қалған 4 жасар бүлдіршіннің анасы табылды

Талқылау