Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны көктайғақ салдарынан көз жұмды

Талапкердің анасы Астана көшелерінің бірінде құлаған және бас жарақатын алған. Одан кейін дене жарақаттарымен әйел адам Астана қаласы Теміржол емханасының жансақтау бөліміне түскен, онда есін жимастан көз жұмған.

20161101181059

Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, әйелдің өлімі жабық сүйек-ми жарақаты салдарынан қаза тапқаны анықталды, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу барысында әйел адамының қайтыс болу фактісі бойынша әйел адам жарақаттанған көшенің қарапайым өмірге жанаспайтыны, жазғы және қысқы мерзімдерде механикалық жинастыруға, сондай-ақ қолмен жинастыруға жататыны анықталған.

«Астана Тазалық»  ЖШС және Астана аудандық әкімдігінің аппараты арасында бекітілген көшелерді қолмен жинастыру және механикалық жинастыру бойынша мердігерлер шарттары негізінде жауапкер өзіне қала көшелерін жинастыру бойынша міндеттеме алған.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты іс материалын зерделей отырып, талап арыз талабын жартылай қанағаттандырды және «Астана Тазалық»  ЖШС-нен моральдық зиянның орнын толтыру есебіне 600 000 теңге сомасында ақшалай түрде өтемақыны өндіріп берді.

Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда өлім жазасына кесілгендер кімдер

Ақжарқын Тұрлыбай сотта жылап жіберді (видео)

Ресейде 13 жастағы қыз сүйіктісіне қосылу үшін өз туыстарын өлтіріп тастамақшы болған

Оңтүстік тұрғыны ойламаған жерден екінші әйел алып, екі әйелімен бір төсекте жатып жүр

Ақтөбеде сылқым келіншек бірнеше ер адамды алдап 30 мың доллар ақша алып кеткен

Талқылау