Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны күдікті қорап туралы «әзілі» үшін жауапқа тартылады

Әзілдегісі келген Астана тұрғыны өзіне Қазмедиаорталығына күдікті қорап жеткізу ұсынылғанын хабарлады, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі.

909790085

Сурет ria.ru сайтынан алынды

10 ақпан күні  Астана қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығына белгісіз біреу телефон соғып, екі ер адамның оған «ҚазМедиаОрталығы» АҚ-ға картоннан жасалған күдікті қорапты жеткізуді ұсынғанын айтты. Шаралар барысында қаладағы ЖШС-нің бірінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Астаның 31 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды.

Түсініктеме беру кезінде ұсталған азамат осылайша әзілдегісі келгенін, полиция тарапынан осындай реакция болатынын күтпегенін мойындады.

«Есіл» аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлері азаматты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 438-бабымен («Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырту») әкімшілік жауапкершілікке тартып, оған 30 АЕК көлемінде (63 630 теңге) әкімшілік айыппұл салды.

Талқылау