Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны дау тудырған мүсінге көйлек кигізіп қойды

Астана қаласының тұрғыны Талғат Шотаев бас қаладағы “Ғашықтар” мүсініндегі дау тудырған жалаңаш әйел мүсініне шақтап көйлек кигізіпті. Соңғы кездері аталмыш әйел бейнесі әлеуметтік желілерде біраз шуға айналған еді. Көбісі қазақ әйелінің кеудесі мен бөксесін жалаңаштап бейнеленгеніне қарсылық білдірген еді.

photo_179806

Сурет @talgatramazanuly

Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлайды.

Ол мүсінге таза қазақи стилде көйлек кигізбекші болған. Алайда мүсіннің құрылымына орай, бұл ойы толық жүзеге аспапты.

“Мен ұзақ уақыт күттім. Тіпті алып тастайтын шығар деп те ойладым. Ақырында, онда өзім барып көйлек тіктім. Тәртіп сақшылары менің әрекетімді көрді. Мен оларға бұның ұят нәрсе екенін айттым. Олар түсіністікпен қарады”, – дейді ол.

Шолтаев өзінің бір жылдан бері Астанада тұрып келе жатқанына қарамастан, мұндай ескерткішті білмейтінін айтты. Егер, ол көйлекті алып тастаса тағы да қайтадан тігетінін айтты.

127205_603x354

Сурет rutraveller.ru

“Бұл махаббат ескерткіші. Бізде махаббат символы ретінде Қозы көрпеш пен Баян сұлуды айтамыз. Неге біздің қыздарымызға Баян сұлудай болмасқа? Біздер шетелдіктерге біздің қыздарымыз туралы басқаша көзқарас тудырмауымыз керек”, – дейді Талғат.

Талқылау