Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана тұрғыны автобуста петарданың жарылуы салдарынан жарақат алды

Полиция алкогольдік мас күйде болып, бағдарлы автобустың ішінде петарданы жарған Қарағанды облысының 26 жастағы тұрғынын ұстады.

maxresdefault

Аталған факті ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) бойынша сот алдындағы тергеудің Бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған ер адамның бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Кеше, 27 желтоқсан күні ІІД-не Астана қаласының 19 жастағы тұрғыны келіп, белгісіз адамның қоғамдық көліктің ішінде петарданы жарып, оған дене жарақаттарын салғаны туралы өтініш жазған. Соның салдарынан ол ауруханаға барып, дәрігерлердің қарауынан кейін табанының жұмсақ тіндері жарақатымен үйіне жіберілді.

Елордалық полиция қызметкерлері Жаңа жыл алдындағы мереке күндері пиротехниканы кіргізу және шығару, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою тәртібінің сақталуы бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Бұдан басқа, «Пиротехника» жедел-алдын алу шарасының аясында Астана полицейлері ТЖД қызметкерлерімен бірігіп ойын-сауық мекемелері, мектепалды және жалпы білім беретін мекеме басшыларымен бірге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

 

Талқылау