Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда келіншек алғысы ретінде ұстаздарына шипажайға жолдама сыйлады

Алматы облысы, Шелек ауданына қарасты Қаратұрық ауылының қос мұғалімі жазғы демалыста оқушысының арқасында шипажайға барып, демалып, армандап жүрген Астананы,ЭКСПО көрмесін көріп келді.

Қуант1
Бұл туралы зейнеттегі математика пәнінің мұғалімі Гүлбадам Рузиева Stan.kz тілшісіне баяндап берді.

Зейнетке шыққанына 4 жыл болған Гүлбадам апай осы жылдың мамырында мектепті бітіргендеріне 20 жыл болған оқушыларымен кездескен. Мұғалімдеріне құрмет көрсетуді парызы санайтын шәкірттер кешкі дастарханға шақырып, бастарынан өткен талай қызықтарды еске алған.

«Бізді кешке мейрамханаға шақырғанда қуанып, төрт ұстаз бардық. Сол жерде жиырма жыл бұрын болған қызықты сәттерді айтып, шер тарқатып, көңіл көтеріп қалған жағдайымыз бар. Оқушыларымыз әрине алғыстарын жаудырды.

қуант2

Сол кезде  Гауһар бізді Астанаға шақырды. Телефон номерлерімізді алмасқанымыз болмаса, айтарлықтай ештеңені де жоспарлаған жоқпыз. Сол кештен бірнеше уақыт өткенде Гауһар хабарласып, қай кезде уақытымыздың болатынын сұрады. Міне осы кезде кәдімгідей қуанып, дайындала бастадық»,-дейді зейнеттегі ұстаз.

Гүлбадам апай ауылда тұрғандықтан қалаға шығып, қыдыру үшін өздеріне айтарлықтай дайындықтың керегін айтады. Өйткен, ауылда мал, егін сияқты шаруа көп. Сол себепті де шақыртылған тағы екі ұстаз Астанаға бара алмай қалыпты. Ал Роза Сайдуллақызы мен Гүлбадам Азатқызы пойызға отырып, Астанаға бет алған.

«Бізді Гауһардың өзі күтіп алды. Бірден Зерендідегі демалыс аймағына жеткізіп салды. Бес күн ол жерде керемет демалдық. Табиғаты тамаша екен. Екі күн Астананы араладық. ЭКСПО көрмесіне кірдік. Қала тура кинодағыдай екен. Өте таза. Әсерімді сөзбен жеткізе алмай отырмын.

Астанадағы мұражай, Бәйтерек сынды барған адам көруі тиіс жерлердің барлығын Гауһардың өзі аралатып көрсетті. Алғысым шексіз. Еңбектің еленгені, шынайы сыйлау деген осы шығар. Мәселе ақшада емес, сыйластықта, үлкенге деген құрметте. Біздің ауылда оқығын оқушылар осындай. Қалаға барсақ болды, барлығы қолынан келген жақсылығын аямайды. Дәрігері тегін емдесе, ауылдағы таксишісі тегін жеткізіп тастайды.

Осындай тәрбиелі шәкірттеріме ризамын, алғысым шексіз. Жұмыстарының берекесін, балаларының жақсылығын көрсін »,-дейді зейнеттегі математика пәнінің мұғалімі Гүлбадам Рузиева.

қуант

Ал екі бала тәрбиелеп отырған Гауһар Утелбаева болса ұстаздарын бір қуантқанына риза. Олардың батасын алғанның өзі үлкен бақыт екенін айтады.

«Мен сондай бір ерлік жасадым деп айта алмаймын. Астана мен маңайындағы демалыс орындарының көпшілігі достарымдікі. Сөйлесіп, келісіп үлкен кісілердің балаша қуанғанына куә болдым. Сондықтан, менің ұсынысымды қабыл алып, келген мұғалімдеріме рахмет айтқым келеді. Ал отбасылық жағдайына байланысты келе алмай қалған апайларымды келесі жылы күтемін»,-дейді кәсіпкер.

Осы оқиға жайлы желіден естіген халық үлкенге, ұстазға деген мына құрметтің жастарға үлгі боларына кәміл сенімді екендерін жарыса жазып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте 600 миллионан астам теңгеге тұрғызылған спорт кешені жабылудың аз-ақ алдында тұр

Балаларды тек қазақ мектебіне беруге шақырған мұғалім жауапқа тартылмақ

Қызылордада әкімдік ғимаратын әкім деп «таныстырғандар» күлкіге қалды

Алматы автобустарында билетсіз жүрген жолаушыларды полицейлер жаппай ұстап жатыр

Талқылау