Астана тұрғыны Алматы облысының полициясымен төбелесіп, көлігін соқты

Сейсенбі, 26 Қыркүйек , 2017 7:54

Алматы облысында Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны мас күйінде полиция қызметкерімен төбелесіп, оның көлігіне зақым келтірді.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Аталған оқиға Кербұлақ ауданы Басши ауылының маңында болған. Тәртіп сақшылары кезекті рейд кезінде “Тойота Авенсис” автокөлігін тоқтатқан. Көлік тоқтайтын кезде полицейлердің қызметтік машинасын соғып кеткен. Артынша тексеру барысында азаматтың мас екені анықталады. Мұнымен қатар, жүргізуші тәртіп сақшыларына қарсылық көрсетіп, оларға жұдырық ала жүгірген.

Ер адам аудан орталығы Сарыөзек ауылына жеткізіліп, медициналық сараптамадан өткізілді. Кейін аудандық ішкі істер бөліміне қамауға алынды. Билік өкіліне күш көрсеткені үшін Кербұлақ аудандық ІІБ қызметкерлері ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Сондай-ақ ол мас күйінде көлік жүргізіп, жол апатын жасағаны үшін ҚР ӘК 608-бабы 3-бөлігіне сәйкес жүргізу куәлігінен айрылуы мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыдағы сұмдық апат: 4 адам зардап шекті

Жаңаөзенде ер адам үстіне бензин құйып, өз-өзін өртеп жіберді

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
12.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар