Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Кәріз құдығына түсіп көз жұмған 4 жұмысшы ісі: Басшылары 7 жылға қамалуы мүмкін

"Астана су арнасының" қаза болған төрт жұмысшысына қатысты тергеу амалдары аяқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәріз құдығында қаза болған жұмысшылардың басшылығына 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Бұл жайлы қалалық полиция департаментінің басшысының орынбасары Ғазиз Нұрқаев айтып берді.

Мамандардың айтуынша, бас механик оқиға орнында болған. Ал, аталған коммуналды мекеменің облыстық бөлімінің басшысы осы жұмыстарды орындауға бұйрық берген. Қызметкерлердің тағы біреуі зардап шегуші ретінде іске қатысқан. Ол қазіргі таңда амбулаторлық ем алуда.

"Біреуі - бас механик. Ол қауіпсіздік ережелерін сақтау шараларына жауапты. Ал екіншісі – Астана су арнасының Алматы ауданы бойынша жетекшісі. Қайғылы оқиға кезінде бас механик сол жерде болған. Аудан бойынша басшы болса, тапсырма беріп, нұсқау жасап отырды", - деп түсіндірді Нұрқаев.

Нұрқаевтың сөзіне қарағанда қызметкерлер ағымдағы жылдың 23 мамырында кәріз-сорғы станциясының резервуарына демонтаж жасап жатып, құдыққа құлап кеткен. Оқиға Нұр-Сұлтан қаласында орын алды. Респираторсыз жұмыс істеген қызметкерлер метаннан уланып, қаза тапқан.

Естеріңізге сала кетсек, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан көп адамның қаза болуы туралы бапқа сәйкес "Астана су арнасы" МҚК лауазымды тұлғаларының кінәлі екені анықталып, 13 маусымда екі қызметкер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр