Астана- Степногор бағытындағы автобус жүргізушісі аязда әйелді елсіз далада қалдырып кеткен

Астана мен Степногор бағытындағы автобус жүргізушісі әйелді қақаған аязда тастап кеткен. Әйелдің қол-аяғы ештеңе сезбейтіндей үсіп қалған. Бұл туралы Жанна Нұрмағамбетова есімді желі қолданушысы жазды.

Нұрмағамбетованың айтуынша, құрбысы Жанна Шайменова дүйсенбі кешкі 19:00 шамасында жолда жалғыз қалған.

“Автобус 10 минутқа тоқтады. Жеті адам сыртқа шықтық. Мен дәретханаға кезекте соңғы болып тұрған едім. Менің алдымда шыққан әйел дәретхананың іші тайғанақ, сондықтан абай болуды айтты. Бір уақытта шықсам, автобус кетіп бара жатыр”, — деген құрбысының сөзін жазды Нұрмағамбетова.

Аязда далада жалғыз өзі қалған Жанна Шайменованың айтуынша, жүргізуші оның айқайын елемеген. Әйелге жақсы адамдар көмектесіп, жақын жердегі жанармай құю станциясына жеткізіп тастаған.

“Мен елсіз далада жалғыз қалдым. Телефонымның қуаты 11 пайыз ғана. Мен жолда келе жатып, амалсыздан жыладым. Аллаға шүкір, жақсы адамдар кездесіп, жанармай құю бекетіне жеткізіп тастады. Үлкен рахмет”, — дейді Жанна Шайменова.

Шайменова өзін жолда тастап кеткен қалааралық автобус жүргізушісінің фамилиясы Пугачев екенін айтты. Ол енді мұндай жағдай қайталанбауы үшін автобус жүргізушісінің жазалануы керектігін жазған.

Тағы оқыңыз:

Төрт жасар темекі тартып отырған бала желі қолданушыларын шошытты (видео)

Отбасы 16 шаршы метрге бірнеше бөлмелі үй салып алған (фото)

Ұйықтап жатқан әйелдің төсегіне жылан кіріп кетті

20 жастағы жігіттің анасы ұлының Ақтөбедегі өрт кезінде қаза болғанын білмейді

Алаяқтар Ақтөбедегі трагедияны баю мақсатында пайдаланбақ болды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар