Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полициясы қыздарына арақ ішуді «үйреткен» әкені тапты

Ғаламторда үлкен талқыға түскен видеода, қыздарына арақ ішкізіп отырған 34 жастағы әке табылды.

арақаке

Астана полициясының хабарламасында көпшіліктің наразылығын тудырған видеодағы ер азаматтың кім екеі анықталғаны айтылған. Қазір бұл іс бойынша құжат сотқа дейінгі реестрлік тіркеуге алынған. Мәселе ҚР ҚК 133 ( кәмелет жасқа толмағандарды қоғамға қарсы әрекетке баруға итермелегеу) бабы бойынша қарастырылатын болады.

« Іздестіру барысында видеодағы азамат 34 жастағы Астана тұрғыны болып шыққан. Ол өз әрекетінде, үйде отырып балаларымен әзілдеспек болғанын түсіндірген. Ол босаған арақ бөтелкесіне «Сарыағаш» суын кұйып алған. Сөйтіп оны балалардың алдында тұрған араққа арналған стакандарға құйып шыққан. Сөйтіп сол сәтті әзіл ретінде видеоға түсірген»,-делінген хатта.

Азамат өзінің отбасылық видео жазбасын көпшілікке таратып жіберген белгісіз адамның үстінен шағым түсіріпті. Оның жазған арызы бойынша ҚР ҚК 211 бабы бойынша іс қозғалған.
.
Елордалық тәртіп сақшылары балалардың спирттік ішімдікті қолданған немесе қолданбағанын білу үшін арнай сараптама өткізетіндерін айтады.

Бұған дейін азамат балаларына  суға дәріні езіп ішкізген болуы мүмкін деген болжам жасалған еді.

Талқылау