Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полициясы қалта ұрлығынан зардап шеккендерге іздеу салды

Астана қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық көліктерде қалта ұрлығын жасаған 2 ер адамды ұстады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталған адамдар қалта ұрлықтарын қоғамдық көліктерде жүзеге асырған, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астана полициясы қалта ұрлығынан зардап шеккендерге іздеу салды

Полиция департаментінің мәліметінше, ұсталғандардың біреуі, №12 маршрут салонында таңғы уақытта жолаушылардың бірінің күртешесінің қалтасынан ұялы телефонын ұрлап алған. Ал екінші ұсталған ер адам, №17 автобус салонында 30 мың теңгені құрайтын ақшалай қаражатты ұрлап кеткен.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың қала аумағында басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар елордалық полиция ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан қалалық полция департаментіне немесе келесі телефон нөмірлеріне хабарласуын сұрады: 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441 немесе «102».

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жолаушыларына сақ болуды, бағалы заттар мен ақшаны қалтаға оңай қол жетімді жерлерде сақтамауды сұрайды. Қала көлігінің толымдылығы артып, қалта ұрлығының қаупі арта түскен кезде “қарбалас уақытта” деп аталатын сақтықты сақтаған жөн.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау