Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана полициясы елордадағы ең жемқор орган болып шықты

Астана қалалық ішкі істер органы елордадағы ең бір сыбайластық белең алған құрылым ретінде аталды. Бұл туралы ҚР коррупцияға қарсы күрес Ұлттық бюросының ресми сайтында жарияланып отыр.

12074197

Ұлттық бюроның хабарлауынша, Астана әкімдігінде коррупцияға қарсы сауалдар төңірегінде жиын өткен.

“Құқықтық статистика бойынша, елордадағы сыбайлас жемқорлық жайлаған сала ішкі істер органдары екен. Оның ішінде жергілікті полиция қызметі және мемлекеттік кіріс органдары бар”, – делінген хабарламада.

Астанада кең таралған коррупция түрі ретінде қызмет бабын асыра пайдалану мен алаяқтық және пара алу атап өтілген.

Талқылау