Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Астана-Петропавл» жолында болған көлік апатынан 4 адам зардап шекті

«Астана-Петропавл» тас жолының бойында жол апаты орын алып, 4 адам зардап шекті.

20161012172019

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Қазавтожол» РМК кезекшілік бөлімінің мəліметі бойынша жол апаты бүгін таңертең сағат 09:40 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 272 шақырымында, яғни, Бурабай ауданы Кенесары ауылының маңында орын алған.

«Тoyota Land Kruiser» жəне «Toyota Previa» минивені соқтығысқан. Осының салдарынан екі көлікте өрт шығып, қатты соққыдан төрт адам зардап шекті. Абырой болғанда мерт болғандар жоқ. Зардап шеккендер Көкшетаудағы Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиға орнында жол патрульдік полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде», деп атап өтті «Қазавтожол» РМК кезекшілік бөлімінен.

Жіберіп алмаңыз: 

Қарағандыда екі жолдас бала күртеше үшін ер адамды өлтіріп мәйітін жасырып кеткен

Екібастұзда 77 жастағы зейнеткер жаяу жүргінішіні қағып өлтіріп қашып кетті

Өскеменде 80 жастағы әжейді трамвай басып кетті

Омбылық әйел ұйқыдағы ұлын құшақтаған күйі 9-қабаттан секіріп кетті

Талқылау