«Астана» өз алаңында «Вильярреалдан» ұтылып қалды

Жұма, 24 Қараша , 2017 7:03

«Астана арена» стадионында УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің 5-туры аясында елордалық «Астана» мен Испанияның «Вильярреал» командалары кездесті.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.

«А» тобынның көшбасшылары арасындағы ойынның нәтижесіне көп мәселе байланысты еді. Командалар да осыны жақсы түсініп, алғашқы таймда сақтықпен ойнады.

Ойын алдында елордалық ұжымның бас бапкері Станимир Стойлов та аса қиын ойын күтіп тұрғанын айтқан болатын. Айтқанындай-ақ бірінші тайм қонақтардың басымдығымен өтті.

Алғашқы қауіпті сәттердің астаналық команда қақпасының маңында болғаны да осыны растайды. Қарсы шабуылға иек артқан біздің жігіттер туындаған әрбір мүмкіндікті ұтымды пайдалануға тырысты.

22-минутта осы тактика жемісін берді: Твумасиден допты қабылдап алған Джуниор Кабананга алыстан күшті соққы бағыттап, есепті ашты. Бірте-бірте ес жиып алған «сары субмарина» жоспарлы шабуылдарын үдете түсті.

Тайм соңына қарай оң қанаттан жарып кірген Даниель Раба есепті теңестіріп кетті. «Вильярреал» екінші таймды шабуылға жұлқына кірісумен бастады. Капитан Мануэль Тригеростың басшылығында Эрнандес – Раба – Форнальс футболшыларынан құраған ромб бірінші таймдағы секілді ойынды өз бақылауында ұстады.

Бастырмалата шабуылдаған испаниялық ұжым 65-ші және 84-минуттарда тағы екі гол соқты. Алаңға қосалқы құрамнан қосылған Седрик Бакамбю дубль авторы атанды. Біздің команда екінші таймдағы алғашқы нақты гол соғу мүмкіндігіне 88-минутта қол жеткізді.

Қарсыластардың айып алаңының сол жақ төбесінен жарып кірген Патрик Твумаси допты төменгі алыс бұрышқа күшті соққымен шегеледі, есеп – 2:3. Жігерлене түскен «Астана» бір ұпай алу үшін барын салды. Алайда, әттеген-ай, уақыт жетпей қалды.

Осы ойыннан кейін «Вильярреал» 11 ұпаймен  1/16 финалға жолдаманы мерзімінен бұрын иеленді, ал 7 ұпаймен әзірге екінші орында тұрған «Астана» плей-оффқа шығу мәселесін 6-турға қалдырды. 30 мың орындық «Астана арена» стадионы көрерменге лық толы болғанын айта кетейік.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар 2018 жылы қанша күн демалады

Алматы тұрғыны ХҚКО-да егіз баланы босана жаздады

Оралда ер адам 4 жасар баланы анасының көзінше ұрлап кетпек болды

Ер адам төсек қатынасымен көп айналысып бір көзі көрмей қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар