Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Астана” ойыншысы танымал Германиялық клубқа ауысуы мүмкін

“Астананың” Ганалық жартылай қорғаушысы Патрик Твумаси кәсіби мансабын Германия чемпионатында жалғастыруы мүмкін.

photo_59928

21 жасар Твумас алдағы уақытта “Вольфсбург” командасының ойыншысы атануы мүмкін. Әзірге қос тарап келіссөздер жүргізіп жатыр.

Еске сала кетсек, Твумаси “Астана” командасының Чемпиондар Лигасындағы бомбардирі атанған еді. Іріктеу кезеңін қоса есептегенде Ганалық 6 матчта 4 гол соққан.

2015 жылғы маусымда Твумаси “Астана” сапында 28 матчта алаңға шығып, 6 голдың авторы атанған. Ойыншыға сондай-ақ, түркияның “Бурсаспор” клубы да қызыққан еді.

“Вольфсбург” қазіргі таңда 17 турдан соң. 26 ұпай жинап 7-ші орында келе жатыр.

Талқылау