Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астана оқушылары аязға байланысты сабақтың тоқтатылғаны туралы хабарламалар таратуда

Астанада мектеп оқушылары бір-біріне WhatsApp желісі арқылы сабақтардың болмайтыны туралы хабарлама таратып жатыр.

efceb2fd6fe6dddae68264e2945f18fb

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Астана қалалық білім басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Ботагөз Омар әлеуметтік желідегі парақшасында азаматтарға жалған хабарламаларды оқып алданып қалмауға шақырды.

“Балалар жаңа бағдарламаның көмегімен сыныптарда сабақ болмайтындығы туралы WhatsApp желісі арқылы әкімдік сайтынан ақпарат таратуда. Абай болыңыздар, тек ресми дерек көздеріне сеніңіздер”, – деді баспасөз хатшысы.

Расында елордаға келген әдеттегі қытымыр аяз оқушылардың көңіл-күйіне де едәуір әсер етуде.

“Қазір әңгіме графикалық редакторлардың қолданылуы туралы болып отыр. Оқушылар сайттан скриншот жасап алып, оған сандарды өздері қосуда. Сосын ол суретті ата-аналар мен сыныптастарына жібереді”, – дейді ақпараттық қауіпсіздік маманы Гурам Капанадзе.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың анасы телеэфир тізгінін ұстады

Әнші Ренат Басит қызтекелердің кесірінен желідегі парақшасын өшіріп тастамақ

Кәмшат Жолдыбаева өзіне ұқсайтын арулар арасында байқау жариялады (фото, видео)

Аша Матайдың әкесі бажасын түрмеден шығаруға көмектесетінін айтты

Талқылау