Астанада мас күйде көлік айдап ұсталған майор қызметтен қуылуы мүмкін

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 22:01

Астанада мас боп көлік жүргізген майор қызметтен қуылуы мүмкін. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалған. Қазір қалалық Ішкі істер департаменті тексеру жүргізіп, учаскелік инспектордың тағдырын шешіп жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

20160822095745

Сақшының мас күйінде рөл ұстағанын медициналық сараптама дәлелдепті. Енді полиция майоры үш жылға дейін көлік жүргізу құқығынан да айырылуы мүмкін.

Павел Калашников: «полицейдің формасын киген мас майор тура көз алдымда жантүршігерлік жол апатына себепкер бола жаздады» деп редакциямызға келді. Астана тұрғынының айтуынша, спирттік ішімдікке тойып алған сақшы дәл Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында қарсы жолға шығып кетіп, «Ниваны» соққан. Сөйтіп, оқиға орнынан із суытпақ болған көрінеді.

“Қашқан көлікті қуып жетіп, тоқтатып, есігін ашсам, сақшының формасын киген адам отыр. Есін әрең біледі, удай мас. Қолынан дереу көліктің кілтін тартып алып, далаға шығардым да, патрульдік полицияны шақырдым”, – деді Астана қаласының тұрғыны Павел Калашников.

Бірақ әріптестері полицейді бірден тексеруге алып кетудің орнына, мастығы тарқасын деп, екі жарым сағат далада ұстап отырған. Кейін болған жағдайды жылы жауып қоюға тырысыпты.

“Түсінік алған соң, бізді бір-бірден шақырып, ақша ұсынды. Мас майор: бала-шағам бар еді, оқиғаны көрмеген болыңыздаршы деп жалынды. Қасындағы офицерлер де үгіттеді. Мен келіспедім. Өйткені ол нағыз қылмыскер. Енді шынымен де жылы жауып қоймақ. Ішкі істер департаментіне барып, қайта шағымдандым”, – деді Павел Калашников.

Сөйтсе, спирттік ішімдікке тойып алып, бас қаланың басты көшесінде көлікпен тайраңдап жүрген Алматы аудандық Ішкі істер басқармасының учаскелік инспекторы екен. Оның мас күйде рөлге отырғанын бүгін Ішкі істер департаментіндегілер де растады.

“Астана қаласы Ішкі істер департаментінің жеке құрам инспекциясын сол күні тәртіптік жазаға тарту мақсатымен тексеріс тағайындалып, оның қорытындысы бойныша учаскелік полиция инспектоыр әріқарай қызметте болу мәселесі шешілетін болады”, – дейді Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова.

Осылайша қоғамдағы тәртіпке тікелей жауапты сақшылардың өзі жиі заң бұзып, көзге түсіп тұрады. Бұл оқиға өткен жылы көтемде болған. Ал ұялы телефонға түсірілген бейнежазба интернетке биыл жарияланғандықтан, аға сержант Баймұсаевқа ешқандай жаза қолданылмаған. Өйткені полицйелер заң бұзса, жарты жылдың ішінде ғана жауапқа тартылады екен.

Ал Астанада сұмдық жол апатына себепкер бола жаздаған мас майор жұмыстан қуылуы мүмкін. Және оған жиырма мың теңгеден астам айыппұл салынады, 3 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылуы ғажап емес. Учскелік инспектордың тағдыры Ішкі істер департаментіндегі арнайы тексеруден кейін шешіледі. Сонымен қатар, полицейдің тікелей басшысы да жазаға тартылуы тиіс.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Не куылуы мункін ,куылады деп айтпайсындарма.???

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар